Қазақстанда жалпы ішкі өнім 5,1% өскен

экономика
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Нақты мәнде жалпы ішкі өнім алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1% өсті, деп хабарлайды ұлттық статбюро. 

Алдын ала дерек бойынша 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда өндірілген ЖІӨ көлемі 120,5 трлн теңгені құраған. 

Ең жоғары өсім көрсеткен салалар:

  • Құрылыс — 13,3%
  • Көтерме және бөлшек сауда; автомобиль мен мотоцикл жөндеу — 11,3% 
  • Ақпарат және байланыс — 7,5%
  • Көлік және қойма — 7,1%
  • Тұру және тамақтану қызметтерін ұсыну — 5,4%
  • Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 4,6%

Есепті дерек бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 2023 жылы 13 276,7 АҚШ долларын құраған. 

Соңғы жаңалықтар