Қазақстанда жалпы ішкі өнім қаңтар-тамыз айларында 5,5 пайызға өсті
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Болжамдық есептеулер бойынша биылғы қаңтар-тамыз аралығында жалпы ішкі өнім 5,5 пайызға артты. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Сонымен қатар ол өнеркәсіптік өндіріс көлемі аталған мерзімде қолданыстағы бағалар аясында 11745,6 млрд. теңгені құрағандығын жеткізді. Бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2 пайызға жоғары.