Қазақстанда жаңа көліктер бір жылда 12 пайызға өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жаңа «темір тұлпарлар» бір жылда 12 пайызға өсті. Бұл – ел автопаркіндегі жалпы көліктердің 14 пайызға жуығын құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда жаңа көліктер бір жылда 12 пайызға өсті

Алайда, ел жолдарында жүрген ескі көліктер әлі деп көп: автопарктің жартысындағы көліктердің жүргеніне 20 жылдан асып кеткен.

Жасы 10 жылдан асқан жеңіл автокөліктер жыл басында жалпы парктің 63,4%-ын құрады. Бұдан бір жыл бұрынғы көрсеткіш 64,5% еді. . Бұл бір жыл бұрынғыдан 3,5%-ға аз, 2,4 млн автокөлік.

Бұл ретте жаңа автокөліктердің үлесі (үш жылдан аз) бір жыл бұрынғы 12%-дан 13,6%-ға жеткен. Яғни, 516,8 мың «темір тұлпар».

Жалпы, Қазақстан жолдарында тіркелген жеңіл автокөліктердің саны бір жылда 1,9%-ға азайып, ағымдағы жылдың басына қарай 3,8 млн-ды құраған.