Қазақстанда жаңа құндылықтар әлі қалыптасып болған жоқ - Мәдени саясат және өнертану институтының директоры
АЛМАТЫ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Нұрлан Ерімбетовтің АйтPARK қоғамдық-саяси интеллекуталдық клубының кезекті отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мәдениет деген ұғым қазір екінші, үшінші деңгейге дейін төмендеп кетті. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанда әлі күнге дейін мәдени құндылықтар қалыптаспады. Ал батыс ғаламданудан әбден шаршады. Қазір қазақ мәдениетіне жаңа құбылнама керек. Ұлттық мәдениетті насихаттау үшін енді шетелге концерттік ұжымдарды емес, интеллектуалдық капиталды апару керек», дейді Мәдени саясат және өнертану институтының директоры Ерлан Саиров. Саяси ғылымдар кандидатының айтуынша, қазақ қоғамы ақыл-ой иелеріне кенде емес. Тек олардың өз ортасынан суырылып шығуына бүгінгі таңда сұраныс болмай тұр. Жаһандану дәуірінде өзінің ұлттық мәдени құндылықтарын бойына толық сіңірген адам өзгенің асылы мен жасығын айыра алады. Бұл үшін ұлттық мәдениетті өзгелерге насихаттау шарасы кешенді түрде жүргізілуі керек.