Қазақстанда жаңа мұнай зауытының еліміздің қай аймағында салынатыны әлі белгісіз - Еуразиялық форум

ТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстанда мұнай өңдейтін 3 зауыт бар. Олардың бүгінгі қуаты жылына 15 миллион тонна мұнайды құрайды.

Қазақстанда жаңа мұнай зауытының еліміздің қай аймағында салынатыны әлі белгісіз - Еуразиялық форум

Ал осы зауаттарды жаңғырту шаралары жүзеге асырылғанда, зауыттардың өндіріс қуаты 17,5 миллионды құрайтын болады. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан VI KAZENERGI Еуразиялық форумының барысында журналистермен болған баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.

Оның айтуынша, алдағы уақытта осы үш зауыттан шығарылатын өнім Қазақстанның жанар майға деген қажеттілігін толығымен өтейтін болады. «Ал Қазақстанда жаңа зауыт салу мәселесіне келетін болсақ, біз оны 2020 жылға таман саламыз деген жоспар бар. Дегенмен бұл жай ғана жоспар, ол әлі пісіп жетілмеген. Сондықтан зауыттың нақты қай жерде салынатыны туралы әңгіме қозғау ерте»,-деді Басқарма төрағасы.