Қазақстанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы аз мөлшерде арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуірде Қазақстанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы аз мөлшерде арзандады. Бұл деректі ҚР ҰЭМ Статистика комитеті келтірді.

Қазақстанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы аз мөлшерде арзандады

«2015 жылы сәуірде өткен аймен салыстырғанда, тұрғын үйді жалға алу құны 0,5 пайызға артқан, абаттандырылған тұрғын үйлерді қайта сату бағасы - 0,5 пайызға, абаттандырылмаған үй - 0,4 пайызға, жаңа үй сату - 0,2 пайызға төмендеген», - делінген хабарламада.

Сәуірде жаңа үйдің бір шаршы метріне баға республика бойынша орташа 225 084 теңгені құраса, абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату - 173 345 теңгені, абаттандырылмаған үйді сату - 100 659 теңгені құраған. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың орташа ақысы - 1259 теңге.