16:05, 28 Желтоқсан 2016 | GMT +6
Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында күн жылынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК жаңа жыл қарсаңында ауа райы болжамын жариялады.
29-31 желтоқсан күндері көптеген облыстарда қалың қар жауып, бұрқасын соғады; батыстан 15-20 м/сек жылдамдықпен күшті жел соғып, ауа температурасы қалыпты нормадан 2-5º С жоғары болады, бірақ қатты аяз болмайды.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда оңтүстік циклонының әсерінен жаңбыр және қар аралас жауын жауады, көк тайғақ болып, тұман түседі. Мұнда да ауа температурасы қалыпты нормадан жоғары болады.