Қазақстанда жанар-жағармай құны өспейдi - ҚМГ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын уақытта Қазақстанда бензин құны өспейдi деп күтiлуде. Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингiсiнде «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлiм еттi.
«ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай стансаларында баға саясаты қандай болады?! Оның деңгейi ТМРА бекiткен шектен аспайды. Бiзде бөлшек саудада баға саясатында өзгешелiк жоқ. Бiз ТМРА бекiткен бағаның аясында жұмыс iстеймiз. Алдағы уақытта бағаның өсiрiлуi жоспарланбауда», - дедi ол.