Қазақстанда жаңаратын энергияның қымбатшылығы күрделі кедергі емес - Нобель сыйлығының лауреаты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Климаттың өзгеру саласындағы еңбегі үшін Нобель сыйлығының лауреаты Мохан Мунасинге жаңаратын энергия көздерін арзандату мәселесіне қатысты сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қазақстанда дәстүрлі энергия көздері басқа елдерге қарағанда өте арзан болып отыр, осы орайда жаңаратын энергия көздеріне ауысу айтарлықтай қымбатқа түседі. Бұл тұрғыда Қазақстанға не істеу керек? Тұрақты даму мақсаттары әр елдің жағдайына қарай қандай да бір проблемаларды барынша еңсеруге негізделуі тиіс. Атап айтқанда, бірқатар елдерде күн энергиясы панельдері көптеп орнатылуда, сәйкесінше осы панельдер бұл мемлекеттер үшін арзан бағамен орнатылуда. Шын мәнінде Қазақстанда жаңаратын энергия көздерінің қымбатқа түсуі бұл бағытты кеңінен енгізуде айтарлықтай күрделі кедергі емес. Сондықтан да қазба энергия көздерін төмендету проблемасы жаңаратын энергия құнын төмендетудің экономикалық тетіктерімен түйіндесуі керек»,-деді Мохан Мунасинге «Қоршаған ортаны қорғау салысындағығы халықаралық экономика мен саясат» атты конференцияда.

Бұл тұрғыда ғалым энергия үшін жерасты байлықтарын жағып қана қоймай, баламалы энергия көздерін арзандату бағытында да үйлестірілген жұмыстарды атқару керектігін қадап айтты.

«Әрбір мемлекет мүдделі барлық тарапты жинап, дәл қандай тетіктер жаңаратын энергия көздері құнын арзандататынын пысықтауы қажет. Осы орайда өзге елдердің тәжірибесін пайдалану қылмыс болып саналмайды»,-деп түйіндеді сөзін Мохан Мунасинге.

Бұдан бұрын хабарланғандай, шілде айында Астанада энергетика мәселелеріне арналған конференцияда ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда күн энергиясынан алынатын қуаттың құны арзандайтынын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар