Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері аясында шалғайдағы мал шаруашылықтары үшін толық жағдай жасалады

АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда шалғайдағы мал шаруашылықтары үшін инфрақұрылымы жабдықталған шұрайлы жайылымдар пайда болады. Бұл шаруашылықтар «таза» энергияны пайдалануға негізделеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның инновациялық жобалар бойынша басқарушы директоры Валерий Шевелев мәлім етті.

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері аясында шалғайдағы мал шаруашылықтары үшін толық жағдай жасалады

Оның сөзіне қарағанда, ауыл шаруалығы мамандарымен бірлесе шалғайдағы отарлы мал шаруашылығын дамыту бойынша бағдарлама қарастырылуда. Осы орайда жазықтарда шұрайлы жайылымдарды жаңғыртуға басымдық берілмек. Олар сумен қамтамасыз етіліп, жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ қажетті инфрақұрылым жасақталады. Атап айтқанда, бұл шаралар елімізде дәстүрлі мал шаруашылығын қайта дамытуға негізделмек.

Белгілі болғандай, биыл жел энергиясы жабдықтары зауытының құрылысын бастау жоспарлануда. Бұл жабдықтар сериялық түрде шығарылып, бағасы жағынан қол жетімді болады.