Қазақстанда жануарларды жансыздандыру мүмкін болатын ережелер айқындалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жануарларды жансыздандыру мүмкін болатын ережелерді заңнамалық түрде анықтау жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Мәжілісте «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын таныстыру кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Заң жобасының бөлек бабы жануарларды жансыздандыру немесе өлігін пайдалану ережелеріне және онымен күресуге арналған, атап айтқанда, жануарларды жансыздандыру, өлтіру мүмкін болатын жағдайлар анықталды, осы процедураны жүргізу кезіндегі, оның ішінде ветеринария саласындағы ұлттық заңнама талаптарын сақтай отырып, міндетті талаптар айқындалған», - деді вице-министр.
Одан бөлек, заң жобасында бірнеше мәселе қарастырылған:
1) жануарларға қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін бөлу;
2) жануарларды асырауға және тасымалдауға, сондай-ақ өсіруге және ветеринариялық қызметтер көрсетуге қойылатын жалпы талаптар;
3) жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу.
Бұдан басқа, заң жобасында төменде көрсетілген санаттағы жануарларға қарым-қатынас және асырау кезіндегі талаптар айқындалған:
1) мәдени ойын-сауық мақсаттарында;
2) эксперименттік (зертханалық) жануарлар;
3) Қызметтік жануарларды;
4) үй жануарлары;
5)қараусыз және қаңғыбас жануарлар.