Қазақстанда жарғылық қоры 15 млрд. теңге құрайтын кепілдендірілген тұрғын үй құрылыс қоры құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда кепілдендірілген тұрғын үй құрылыс қоры құрылмақ. Бұл туралы бүгін Мəжілісте тиісті заң жобасын таныстыра отырып Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мəлім етті.
None
None

Қордың жарғылық капиталын құруға бюджеттен 15 млрд. теңге бөлінеді. Қордың негізгі мақсаты - құрылыс саласындағы қазіргі тəуекелдерді азайту жəне үлескерлердің құқығын қорғау.

«Қазір біз құрылыс компанияларының үлескерлер алдындағы жауапкершілігін күшейту үшін жаңа тетік енгіздік. Яғни, ол механизм құрылыс компанияларын нысанды толық салып бітіруге міндеттейді. Егер құрылыс компаниясы бұл жауапкершіліктен қашса, онда қор құрылысты аяқтау міндетін мойнына алып, сіздердің (үлескерлердің) пəтерін аяқтап береді. Біздің басты міндет осы», - дейді Қ.Өскенбаев.

Ал қордың жарғылық капиталына тоқталған вице-министр: «Қордың жарғылық капиталы бюджеттен алынады, 15 млрд. теңгені құрамақ. Əзірге, осы қаржы жеткілікті деп ойлаймыз. Бұл сома шамамен 300 млрд. теңге болатын құрылысты салуға жеткілікті», - деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар