Қазақстанда жарты миллион жұмыссыз бар - Статистика агенттігі

АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елімізде 548,5 мың жұмыссыз бар. Бүгін ҚР Статистика агенттігі осындай мәлімет таратты,

Қазақстанда жарты миллион жұмыссыз бар - Статистика агенттігі

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халықтың 6,5 пайызын құрап отыр. Ағымдағы жылы қазан айының соңына қарай жұмыспен қамту органдарында 85,5 мың адам тіркелді. Ал жасырын жұмыссыздықтың деңгейі 0,6 пайызға тең болды.