«Қазақстанда жасалған әскери көліктерге сұраныс бар» - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 1 желтоқсан, сейсенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС бірлескен кәсіпорнының броньды доңғалақты машиналар шығаратын зауытында болды.

Қазақстан Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қол­бас­шысы зауыттың өндірістік орынжайларын аралап, шығарылатын өнім түрлерімен танысты. Сонымен қатар, кәсіпорынның еңбек ұжымымен жүздескен Елбасы зауыттың жұмысы елдің қорғаныс қабілетін нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтіп, жұмысшыларға табыс тіледі. Еңбек ұжымының мүшелері өз жетістіктері жөнінде әңгімеледі және бүгін жария етілген Қазақ­стан халқына Жолдауды қолдай­тын­дарын жеткізді.

«Қазақстан инжиниринг Дис­трибьюшн» ЖШС мен «Парамаунт групп» (ОАР) компаниясы бірлесіп құрған зауыт оқ өткізбейтін доңғалақты машиналар өндіреді. Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылған бұл жоба қорғаныс және машина жасау индустрия­сына сапалы серпіліс әкелетін кәсіпорын құруға мүмкіндік береді. Зауыттың өндіріс қуаты жылына 120 оқ өткізбейтін доңғалақты машина шығара алады. Техникалық жабдықталу деңгейі жоғары кәсіпорын әскери және азаматтық мақсатқа арналған техникалар өндірісі саласындағы кең ауқымды міндеттерді жүзеге асырады деп болжанып отыр. Зауыт технологиясы бірқатар жұмыстар айналымын, атап айтқанда, металл парақтарын лазермен пішу, бронды парақтарды балқыту, жабындарына лак-бояулар жағу, жинастыру, сапасын қатаң бақылауға алу сияқты жұмыстарды толығымен атқара алады.

Зауыттағы құрастыру бөлімдері мен қызмет көрсету орталықтары тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес машиналарды әрі қарай жаңа үлгілерін әзірлеуге және жаңғыртуға, техникалық қамтамасыз етуге ықпал етуде. Зауыттан өндірілетін барлық техника халықаралық стандарттар негізінде жасалатындықтан өнімді Қазақстанның өзінде де, сонымен қатар, шетелде де айналымға жіберуге болады. Қазақстандағы өндіріске ұсынылып отырған бронды доңғалақты машина бар­лық көрсеткіштері бойынша үз­дік­тердің бірі болады деп күтілуде. Осы жайында « Қазақстанда жасалған әскери көліктерге сұраныс бар» атты мақаладан толық оқи аласыздар.

Бас басылымның бүгінгі саны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған. Осы орайда газетте «Елбасының әлемдік абыройы» деген көлемді мақала жарияланды.

«Адамзаттың алдындағы ұлы жауапкершілікті Қазақстан және оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтай сезіне білу керек деген ой-пікірімізді Ел­басының жаһандық саясаттағы ұстанымы мен кемел көре­гендігі айғақтай түседі және де Қазақстанның «сенім, дәстүр, ашықтық, төзім­­­ділік» ұранымен өткізген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы сәтті де абыройлы төрағалығы еліміздің, Тұңғыш Президентіміздің әлемдік қоғам­дастықтың кез келген ұйымының төрінде отырып, билік айта алар ақылы мен парасатын, кемеңгерлігі мен кеңдігін, даналығы мен даралығын кешегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамб­леясының 70-ші сессия­сының жалпы дебаты тағы да паш еткендей еді.

Біз - адамзаттың бүгінгі тарих көшінде Мәңгілік Ел болуды мұрат етіп отырған елміз. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниенің бүгінгідей толқымалы шағында елдің бірлігі мен тыныш­тығын сақтау жолындағы айтып жүрген ұлағатты да өсиетті сөздері мен іс-әрекеттерінің аса маңыздылығы мен өміршеңдігін ұлы уақыттың өзі бізге баяғыда-ақ ұғындырды деп санаймыз. Олай болса, сол ел бірлігі мен ынтымағына қылау түсірмейік! Бүгін бізге керегі де осы!»,-деп жазады Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев.

***

«Ана тілі» газетінің соңғы санында «Ұлтымыздың ұмытылмас тұлғасы» атты мақала берілген. «Ұлттық журналистикамыздың біртуар тұлғалары аз емес. Олардың алды сонау өткен ғасырдың басындағы ардақты Алаш ақсақалдары болса, бертінде, тіпті кешегі кеңестік тар заманның өзінде газет-журнал басқарып, ұлтына, халқына адал қызмет етіп, өзіндік шығармашылық мектебін қалыптастырған қаламгер, қайраткер тұлғаларымыз еді. Сол айтулыларымыздың бірі белгілі публицист-жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сапар Байжанов болатын»,-деп жазады басылым.

Жақында кезінде қайраткер-қалам­гер ағаға білім беріп, журналистік маман­дыққа баулыған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректораты ғимаратының Мәжіліс залында белгілі публицист-жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сапар Байжановтың туғанына 85 жыл толуына байланысты университеттік «100 кітап» бағдарламасы аясында «Ұлтының ұмытылмас тұлғасы - Сапар Байжановтың шығарма­шы­лығы» атты республикалық ғы­лыми-тәжірибелік конференция ұйым­дастырылды. Конференцияны қысқаша сөз сөйлеп ашқан университет ректоры, техника ғылымының докторы, академик Ғалымқайыр Мұтанов ар­дақты азамат Сапар Байжановтың ұлт­тық журналистикамыздың көрнекті тұлғаларының бірі екендігін айта келіп, университеттің өзінің айтулы тұлғаларына қашан да айрықша көңіл бөліп келе жатқандығын алға тартты. Соның бір айқын дәлелін­дей, конференцияға қатысу­шы­лардың назарына университеттің Марат Барманқұлов атындағы телерадиокешені түсірген «Ұлтының ұмытылмас тұлғасы Сапар Бай­жа­новтың шығармашылығы» атты бейне фильм ұсынылып, танымдық-тағылымдық мәнімен ерекшеленді. Белгілі қаламгер, қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин жүргізген деректі фильмде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сенат депутаты Қуаныш Сұлтанов, «Егемен Қазақстан» газеті» АҚ-ның президенті Сауытбек Абдрахмановтың қайраткер-қаламгер Сапар Байжановтың өмірі мен өнегесі хақындағы сөздері де есте қаларлықтай болды

***

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы металлургтері ауқымды флешмоб өткізді, деп жазады «Экспресс К» газеті «Космический флешмоб» атты материалда. Зыряновск, Серебрянск, Риддер және Өскеменде «Қазцинк» компаниясының жұмысшылары осы шараға қатысып, Президенттің Көшбасшылығына құрмет көрсетті. Флешмобке қатысқан әрбір адам қалта шамдарын жағып, оның жарығын аспанға қарай бағыттады. Мыңдаған қалта шамдар бір мезгілде облыстың төрт қаласында жағылды. Шараға қатысушылардың пайымынша, осы сәтте Жердегі «1» саны ғарыштан да көрінуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар