ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: «Астана-Өнім» зауытында сүт өнімдерінің 23 түрі шығарылады

«Астана-Өнім» зауытының жұмысының басты бағыты - мемлекеттік резиденциялар мен басқа да мекемелерге жеткізілетін жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін шығару.
Зауыт күн сайын 10 тонна сүт өнімін өндіреді. Өнімнің басым бөлігі резиденциялар, түрлі мекемелер, балабақшалар, ауруханалар, сауда орталықтары мен елорда дүкендеріне тасымалданады.
«Астана-Өнім» АҚ бас директоры Ғалымжан Әбдіхалықовтың айтуынша, өнеркәсіп елордадағы супермаркетке орта есеппен күніне 300 литр сүт жеткізеді.
«Сіздер бүгін қазіргі заманғы ауыл шаруашылық кластерін көріп отырсыздар. Ол 2014 жылы пайдалануға берілген болатын. Сүт зауыты бұған дейін Мичурин ауылында орналасқан. Қазір Красноярка елді мекенінде, өткізу базасы да осы жерде», - дейді ол.
Кәсіпорында қолданылатын барлық қондырғылар Германиядан сатып алынды. Қазіргі уақытта зауытта 303 адам жұмыс істейді. Компания жұмысшыларының басым бөлігі - жақын маңдағы ауыл тұрғындары.