Қазақстанда жасалған SsangYong Rodius көлігінің құны қанша болатыны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Агромашхолдинг» ЖШС базасында құрастырылған SsangYong Rodius отбасылық жол талғамайтын көлік сатылымға 10 ақпанда шығады, ал оның құны 5,45 млн теңгеден басталады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Қазақстанда жасалған SsangYong Rodius көлігінің құны қанша болатыны белгілі болды

«Көліктің басты ерекшелігі - оның сыйымдылығы мен үлкендігі. Бес есікті Rodius көлігіне 7 адам сыяды, қосымша орындықтар 3-қатарда ыңғайлы орналасқан. Орындықтар түсірілген кезде оның жүк салғышы 3000 литрге дейін үлкейеді», - делінген зауыт хабарламасында.

Көлік барлық заманауи технологиялармен жабдықталған. Жаңа SsangYong-тің ұзындығы - 5,13 метр, ені - 1,915, биіктігі - 1,815 метр. «АгромашХолдинг» зауыты SsangYong Rodius-ті қазіргі уақытта 2 литрлік дизель қозғалтқышымен шығаруда.