Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы нашақорлық көрсеткіші азаймай тұр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы бойынша, әлемде қазіргі кезде есірткі қолданатындардың саны 185 миллион адамға жеткен. Ал Нашақорлықтың медико-әлеуметтік мәселелері республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының мәліметі бойынша, Қазақстанда жасөспірімдер арасында нашақорлыққа шалдығу былтыр 100 мың адамға шаққанда 564,2 адамды құраған. 2008 жылмен салыстырғанда бұл 20 пайызға жоғары. Соңғы кезде сондай-ақ, алкогольдік, седативтік заттарға және темекіге тәуелділіктің де артқаны байқалуда.
«Сараптамалық бағалаулар бойынша, әрбір нашақор есірткі тұтынуға жылына 13-15 адамды тартады. Адамдардың АҚТҚ инфекциясын жұқтыруына да көп жағдайда нашақорлар себепші болуда», деді Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері ұлттық орталығының директоры Сәуле Диқанбаева.