Қазақстанда жасөспірімдер қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында 7 «алтын» алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда жасөспірімдер арасында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнир Қазақстан қорғаныс министрлігі мен Бүкілқазақстан қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы басшылығымен өтті. Салтанатты іс-шараның жабылуына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, генерал-майор Мұрат Бектенов қатысты.

Медальдар саны бойынша турнирдің алғашқы үштігіне Ресей, Қазақстан және Өзбекстан командасының спортшылары кірді. Жалпы қазақстандық жасөспірімдер 7 алтын, 18 күміс және 47 қола жүлде иеленді.
Турнирге жеті елден – Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей, Словакия, Тәжікстан мен Өзбекстаннан 14-21 жас аралығындағы 200 жасөспірім мен қыздар қатысты.
