Қазақстанда жастар арасында 735 мың дара кәсіпкер тіркелген – Ұлттық статистика бюросы

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық статистика бюросы осы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде тіркелген дара кәсіпкерлер санын жариялады. Мәлім болғандай, Қазақстанда тіркелген дара кәсіпкерлер саны 1 512,9 бірлік болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2% көп.

бизнес
Фото: Еңбекмин

Олардың 1 426,3 мыңы жұмыс істеп тұр (жалпы санның 94%).

«Дара кәсіпкерлердің ең көп саны Алматы және Астана қалаларында тіркелген, олардың саны сәйкесінше 263,1 мың және 177,6 мың бірлік. Үздік үштікті 122,2 мың дара кәсіпкері бар Түркістан облысы түйіндейді. Дара кәсіпкерлердің ең аз саны Ұлытау облысында тіркелген — 13,7 мың бірлік», — делінген хабарламада. 

Тіркелген дара кәсіпкерлердің басым бөлігі (43,6%) көтерме және бөлшек сауда саласында — 660 мың бірлік, сондай-ақ басқа да қызметтерді көрсетіп отыр (293,5 мың бірлік).

Дара кәсіпкерлер саны қаржы және сақтандыру қызметінде ең аз — 515 бірлік.

Айта кетейік, барлық дара кәсіпкерлердің 49% 35 жасқа дейінгі жастар (735,1 мың бірлік), оның 56% — әйелдер. Қала жастары дара кәсіпкерлердің жалпы санының 36% құрайды.

Еске сала кетейік, биыл тоғыз айда жалпы ішкі өнім 4 пайызға артты.

Соңғы жаңалықтар