Қазақстанда жастар жұмыссыздығы бойынша әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі қалыптасқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жастар жұмыссыздығы бойынша әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі қалыптасып отыр. Бұл туралы бүгін елордада «ТМД жастары: Статистикалық бейне» атты жинақтың таныстырылымы кезінде мәлім болды.

Қазақстанда жастар жұмыссыздығы бойынша әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі қалыптасқан

Осы жинақты Жинақтың басылымы ЮНФПА мен ТМД Статкомитетінің бірлескен бастамасының нәтижесінде жүзеге асырылды. Сонымен қатар оның жарық көруіне Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мен Украина мемлекеттеренің ұлттық статистика қызметтерінің жәрдемдесуі ықпал етті.

«Жинақта елдердегі демографиялық, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту, өмір сүру сапасы секілді маңызды аспектілер қамтылды. Оның шығарудың басты мақсаты - жастар өміріне қатысты жетіспейтін ақпаратты анықтау. Бұл өз кезегінде статистика мамандарымен, ғалымдармен, саясаткерлермен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен жастар статистикасының дамуы келешегін ары қарай талқылауды көздейді», - деді ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің басқарма басшысы Ирина Збарская.

Оның пайымынша, жастарға қатысты толық әрі сенімді статистикалық мәліметтер олардың өмірі мен жағдайын жақсартуға бағытталған барынша тиімді шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың төменгі көрсеткіші тұрғысында Қазақстан ТМД арасында бірінші орында (5,4 пайыз). Осы орайда Әзербайжанда оның деңгейі 10,3 пайыз болса, Беларусьте - 9,7 пайыз, Қырғызстанда - 13,5 пайыз, Молдовада - 9,9 пайыз, Ресейде - 9,6 пайыз, Тәжікстанда - 15,5 пайыз, ал Украинада бұл көрсеткіш 12,9 пайыз деңгейінде болған. Сонымен қатар бұл бағытта Армениядағы жағдай қиындау, яғни ондағы жастар жұмыссыздығы 29,4 пайызға жеткен екен.

Жалпы алғанда, ТМД елдерінде жастар жұмыссыздығы 10,4 пайыз деңгейінде болса, Еуропалық одақта осы көрсеткіш 18,1 пайызды қамтыды. Мәселен, Испанияда оның межесі 40,8 пайызға жетсе, Грекияда 43,6 пайызды құрады.