Қазақстанда жастардың 50 пайызы бытыраңқы күйде тіршілік кешіп жатыр
Ал олардың саны 2 миллион 250 мыңдай. Сондықтан жастардың әлеуметтік жағдайын зерттеу маңызды мәселе. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков мәлім етті.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда ресми түрде жастардың жас мөлшері 14 бен 29 аралығында. Ал бүкіл еліміз бойынша жастардың саны 4,5 миллионды құрайды.
«Сондықтан бүгінгі таңда жастар саясатын жүргізуде аймақтық университеттердің ролі орасан зор. Осы мақсатта өткен жылы Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен Тараз мемлекеттік университетінің базасында жастар мәселесін зерттеу бойынша аймақтық ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Қазір жемісті еңбек етіп келеді. Яғни, орталық өңірлердегі жастардың білімін, әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған нақты әдістемелік ұсыныстар даярлайды», - деді өз сөзінде университет ректоры.