Қазақстанда жауын-шашын, қарлы бұрқасын аралас жел, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде - 14 наурызға арналған ауа-райы болжамы

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстанның барлық аумағы атмосфералық ағымдардың ықпалында болады, соған байланысты ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын-шашын жауып, елдің солтүстігі мен оңтүстік өңірдің таулы аудандарында нөсерлі жаңбыр жауады, қарлы бұрқасынмен жел соғып, тұман, көктайғақ болады. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, көктайғақ орнап, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде қарлы бұрқасын болады, тұман түсіп, көктайғақ орнайды, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ орнайды.

Алматы облысында Жалаңашкөл аумағында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнайды.

Алдағы тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген тау етегіндегі өзендерінде жауын-шашынға байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады.

Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарының жекелеген өзендерінде судың деңгейі артуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар