Қазақстанда жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі күтіледі - 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың солтүстік, шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы шамалануда.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Ақмола және Қарағанды облыстарында тұман түсуі ықтимал, Батыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кейбір жерлерде тұманның түсуі, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Қостанай облысының кейбір жерлерінде желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы ықтимал.
Қостанай облысының бірқатар аймақтарында түнде тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықпен соғатын жел сақталады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік, орталық, шығысында және Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұз қату жалғасады.
Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде (Ертіс, Бұқтырма, Үлбі, т.б.) мұз қатудың күшеюіне байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін. Алматы облысының жекелеген өзендерінде су деңгейінің ауытқулары байқалады.