Қазақстанда жазатайым оқиғалардан, жарақат алу мен уланудан болатын өлім-жітім үшінші орында - С. Қайырбекова

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Елімізде жазатайым оқиғалардан, жарақат алу мен уланудан болатын өлім-жітім үшінші орында тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.
None
None
Министрдің сөзіне қарағанда, осы себептерден болатын өлім-жітімнің жоғары көрсеткіші Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында байқалуда. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жол-көлік оқиғаларынан жарақат алу салдарынан мерт болған әр адамға аурухана жатқызылған 23 адамнан және медициналық көмек сұраған 112 адамнан келеді. ЖКО-дан зардап шеккендердің 3 пайызы өмір бойы мүгедек болып қалады», - деп атап өтті министр.
Соңғы жаңалықтар