Қазақстанда «Жазғы демалыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі басталды
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Жазғы демалыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі басталды, деп хабарланды көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Аталып өткендей, жедел-алдын алу шарасы кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, балалар зақымдануының, түнгі уақытта көлік және теміржол нысандарында балалардың бақылаусыз болуының алдын алу мақсатында өткізіледі.
«Жазғы демалыс» жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі жазғы демалыс кезеңінің басталуына байланысты 11-13 шілде аралығында республика бойынша өтетін болады», -делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.