Қазақстанда жеке ақпараттар SMS-хабарлама арқылы жолдануы мүмкін
«Біз Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірге қызмет алушының рұқсаты болған жағдайда «электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға анықтама ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыруда жоспарлаудамыз. Бұл шара ХҚКО қызметкерлерінің қызмет көрсету процесіне тікелей араласуын болдырмауға мүмкіндік береді. Азаматтар SMS-хабарлама арқылы жеке ақпараттарды ұсыну бойынша дербес шешім қабылдай алады», - деді кеңес барысында аталған корпорация басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов.
Оның дерегінше, мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға, оның ішінде екінші деңгейлі банктерге анықтама ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыру электронды анықтамаларды беруді 21,5 миллионға қысқартуға мүмкіндік жасайды.
«Мәселен, қазіргі уақытта жәрдемақы тағайындалған кезде банктің есепшот нөмірі туралы анықтаманы ұсыну талап етіледі. Интеграциялаудың арқасында қызмет алушыға аталған анықтаманы алу қажеттілігі жойылады», - деді Оспанов.