13:56, 23 Ақпан 2023 | GMT +5
Қазақстанда жеке әскери компаниялар құрылмайды - Сұлтан Қамалетдинов
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда жеке әскери компаниялар құрылмайды. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанда жеке әскери компанияларды құрудың нормативтік-құқықтық базасы ескерілмеген. Менің ойымша, елімізге мұндай компаниялар керек емес. Атап айтқанда, мемлекет қауіпсіздік бағытында қарулы күштерді, басқа да әскерлерді, әскери жасақтарды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Конституцияда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа құрылымдар қамтылмаған», - деді Сұлтан Қамалетдинов Сенатта тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Сұлтан Қамалетдинов қару-жарақ пен әскери техниканы мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жоспар бар екенін айтты.
Сонымен қатар биыл әскери саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы өседі.