Қазақстанда жеке детективтік қызмет институтын енгізу қажет

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Қазақстанда жеке детективтік қызмет институтын енгізу қажет. ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада құқық қорғау органдарын реформалау мәселесіне арналған кеңесте айтты.
None
None

«Тиісті мемлекеттік органдар республикада жеке детективтік қызмет институтын енгізу жөніндегі мәселені қарастырып, ұсыныс енгізулері қажет. Атап айтқанда, жеке детективті қызметті енгізу заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мүддесіне, азаматтардың құқы мен бостандығын, мемлекет мүддесін сақтауға байланысты бірқатар талаптармен және шектеулермен ескерілуі тиіс»,- деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар