Қазақстанда жеке сот орындаушылар институтын енгізу ? сот шешімін орындау саласына оң әсерін береді ? И.Елекеев

АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстанда жеке сот орындаушылар институтын енгізу – сот шешімін орындау саласына оң әсерін береді.

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институтын енгізу ? сот шешімін орындау саласына оң әсерін береді ? И.Елекеев
Бүгін Астанада атқару органдары мен екінші деңгейлі банктер арасында әріптестік байланыс құру тақырыбында өткен кеңесте Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы Ирак Елекеев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жеке сот орындаушылар институтын енгізу Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заң жобасында көрініс тапқан. «Заң мақұлданып, институт мәртебесі айқындалса, сот актілерін орындау үрдістеріне оң өзгерістер келеді. Сот орындаушылар және жеке институт өкілдері тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, сот шешімдерін орындау ісін тиімді атқаруға мүмкіндік ашады», деді И.Елекеев.Атқару ісінің орындалу сапасына маман тапшылығы кері әсерін тигізуде. Қазіргі таңда 650-ге тарта сот орындаушы жетпейтін көрінеді. Соның кесірінен іс апталап, айлап орындалмай қалып жатады. Жеке сот орындау институты әлемнің 65-тен астам елінде бар. Германия мен Оңтүстік Кореяда жеке орындаудың элементтері бар мемлекеттік орындау қызмет атқарады. Бүгінде көптеген ұйымдар мен компаниялар коллекторлық қызмет агенттіктеріне жүгінеді. Бірақ олардың құзыры, мәртебесі әлі заңмен қарастырылмаған.Ал егер жеке сот орындаушылар институты енгізілсе, сот орындаудың деңгейін де, сот орындаушысы мамандығының беделін де қосымша бюджеттік шығындарсыз едәуір көтеруге болады.