Қазақстанда жеке сот сарапшыларының палатасы құрылады
АСТАНА. ҚАҚАҚПАРАТ - Қазақстанда жеке сот сарапшыларының Палатасы құрылатын болды. Бұл жайында «Жеке сот сарапшылар институтын дамыту» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова хабарлады.
Оның айтуынша, палатаның құрылуы «ҚР сот-сараптамалық қызметі жайлы» жаңа заң жобасының нормалары бойынша жүзеге аспақ.
Палатаның өкілеттігі мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүддесін қорғауға бағытталмақ.
Одан бөлек, палата сот-сараптамалық қызметтің дамуына көмек көрсетіп, осы саладағы өндірістің жүзеге асуында өз мүшелері тарапынан заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.