Қазақстанда жеңіл көліктер бір жылда 72 пайызға көбейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы ақпанда 157,9 мың автокөлік есепке алынды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,5% артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер - 72,3%, жүк автомобильдері - 2 есе, автобустар - 2,5 есе артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда жеңіл көліктер бір жылда 72 пайызға көбейді

Ұлттық статбюроның 1 наурыздағы мәліметінше, Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны - 4 584,5 мың.

Оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

2023 жылғы ақпанда 1 715 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2466 адам зардап шеккен.

Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 8,4%-ға азайды.