Қазақстанда жеңілдетілген несиемен көлік алуға өтініштер қабылдаудың екінші кезеңі басталды

ҚР Үкіметі Қазақстанда құрастырылған көліктерді сатып алушыларға жеңілдетілген несие беруді қаржыландыру үшін қосымша 11 млрд. теңге қаржы бөлу шешімін қабылдады.
«АЗИЯ АВТО» АҚ зауытының өнімін сатып алушылар үшін бөлінген қаражаттың 50% немесе 5,5 млрд теңге бекітілді.
Мемлекеттік бағдарлама аясында қазақстандықтар «АЗИЯ АВТО» зауыты құрастыратын 22 модельге қол жеткізе алады. Оның құны 2,13 млн теңгеден басталады.
Өскеменде шығарылатын көліктерді сатып алушылар үшін ай сайынғы ең төменгі төлем 31,4 мың теңгені құрайды.
Бағдарламаның жаңа талаптарына сәйкес, сатып алатын көліктің ең жоғары бағасы 9 млн. теңгеге дейін көтерілді.
Бағдарламаның қалған шарттары өзгеріссіз қалды. Номиналдық сыйақы мөлшерлемесі 4 пайыз, несиенің тиімді мөлшерлемесі (қосымша шығындарды, сақтандыруды қосқанда) 7,5 пайыздан аспауы тиіс. Несиелендіру мерзімі - 5 жылдан аспайды, алдын ала төлем - 0-20%, борыш валютасы - теңге.
Бұрын хабарланғандай, көліктерді сатып алушыларға жеңілдетілген несие беру ағымдағы жылы 20 сәуірде басталды.