Қазақстанда жер қойнауын игеру заңнамасы қалай өзгереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" кодексі әзірленді.  ҚР Энергетика вице-министрі Маxамбет Досмұxамбетовтің айтуынша, аталған құжат аясында жер қойнауын пайдалануға рұқсат беру жүйесін жеңілдету қарастырылған.

Қазақстанда жер қойнауын игеру заңнамасы қалай өзгереді

Соның арқасында әкімшілік кедергілерді барынша азайтып, геологиялық барлау қызметіне қаржы көптеп құйылады деген жоспар бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жер қойнауын пайдалануға рұқсат беру мәселесіне келер болсақ, Кодекс бойынша ондай рұқсаттар аукцион арқылы беріледі. Сосын Каспий қайраңында істеймін деген компаниялардың төлем қабілеттігі мен жұмыс тәжірибесіне нақты талаптар қойылады. Бұдан бөлек, келісімшарт жүйесі болады. Оған лицензия алудың қажеті жоқ. Келісімшарттың екі түрі болады. Ол - "барлау мен өндіру" және "өндіру". Бұран тек "барлау" мен "өндіру" ғана болатын. Енді, ол екі қызметті бір келісімшартпен алуға болады. Былайша айтқанда, компания барлау кезінде шикізат қорын тапса, бірден өндіруге көше алады. Әйтпесе, бұрын "өндіруге" бөлек келісімшарт жасалатын еді", - деді Досмұxамбетов бүгін кодексті талқылауға арналған жиында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, барлық келісімшарттар типтік үлгіде рәсімделеді және ол құжатқа ешқандай сараптама жасалмайды. Ал жобалық-сметалық құжаттар бөлек әзірленеді. Бұрын ол құжаттарды келісімшартқа дейін даярлау міндеті болған. Сосын оған екі жылдай уақыт кететін. Енді, алдымен келісімшарт жасалады да, артынан жобалық-сметалық құжаттар тапсырылады.

Бұдан бөлек, мұнай-газ қоры бойынша есеп берудің xалықаралық стандарты болады. Алайда аталған талап бірден енгізілмейді. 2025 жылға дейін өтпелі кезең қарастырылған. Содан бастап xалықаралық стандарт толығымен іске асатын болады. Жалпы, кодекс аясындағы шаралар мұнай-газ саласына инвестицияларды көптеп тартуды көздейді.