Қазақстанда жерді қашықтан басқарудың ғарыштық жүйесін құру аяқталды - Ж.Қасымбек

«Жерді қашықтан басқарудың ғарыштық жүйесін құру аяқталды. Ол ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, экология және табиғатты пайдалану, жерді пайдалану, геодезия, картография, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік және тағы басқа салалардағы мәселелерді шешуге қажетті жерді қашықтан басқарудың ғарыштық жүйесінің тәуелсіз және жедел мәліметтерін алуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Министрдің дерегінше, ҚР Қорғаныс министрлігі үшін 2 млрд. теңгеге Жерді қашықтан басқарудың ғарыштық жүйесінің мәліметтері ұсынылды.
«Жоғары дәлдікті жер серіктік навигация жүйесінің жердегі инфрақұрылымы пайдалануға берілді. Ол ауыл шаруашылығы, жерді пайдалану, геодезия, картография, үлкен ғимараттардың құрылыстары, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік, сонымен бірге навигациялық аппаратты метрологиялық қамтамасыз ету және тағы басқа салалардағы міндеттерді шешу үшін координат пен уақытты жоғары дәлдікпен анықтау қызметін пайдаланушыға ұсынуға мүмкіндік береді», - деді Ж.Қасымбек.