Қазақстанда жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
21 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Көкшетауда ертең түнде жаяу бұрқасын соғады соғады, жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15 м/с жетеді.
21 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады күтіледі. Солтүстік шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Ертең Қызылорда қаласында жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
21 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Ертең күндіз Шымкентте оңтүстік батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ертең Түркістан қаласында оңтүстік батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
21-22 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде қалың қар жуады, боран соғалы, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде 23-28 м/с күшейіп, 22 қаңтарда кейде екпіні 30 м/с асып кетуі ықтимал.
21, 24 қаңтар аралығында Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 21 қаңтарда көктайғақ болады күтіледі. 24 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, 24 қаңтарда түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с жетеді.
Таразда 21-24 қаңтар аралығында тұман түсіп, 22-23 қаңтарда көктайғақ болады. 22, 23 (түнде және таңертең), 24 қаңтарда солтүстік батыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетіп, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
21 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік батыстан жел тұрып, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Ертең Петропавлда оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуәі мүмкін.