Қазақстанда ЖҚТБ мен туберкулезге шалдығу 10 пайызға азайды - Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанда Жұқтырылған қорғаныс тапшылығының белгісі (ЖҚТБ) мен туберкулез сырқатына шалдығу 10 пайызға азайды.

Қазақстанда ЖҚТБ мен туберкулезге шалдығу 10 пайызға азайды - Денсаулық сақтау министрлігі

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.  

2011 жылы оба, аусыл, паратиф, дифтерия, полиомиелит, трихинеллез сияқты індеттермен науқастану жағдайлары тіркелген жоқ.

2010 жылмен салыстырғанда, жіті вирусты гепатитпен науқастану 47,2 пайызға, вирусты «А» гепатитімен науқастану 49,1 пайызға, вирусты «В» гепатитімен науқастану 33,2 пайызға, эпидемиялық паротит 38,9 пайызға, қотыр (чесотка) 31,8 пайызға, шигеллез 31 пайызға, ротовирусты инфекция 29,5 пайызға, бактериалды дизентерия 28,9 пайызға, сальмонеллез 22 пайызға, педикулез 21,2 пайызға,  бруцеллез 17,9 пайызға, өткір ішек инфекциялары 15,9 пайызға, эхинококкоз 12,4 пайызға, ЖҚТБ 9,9 пайызға, тыныс алу жолдарының туберкуллезі 9,9 пайызға, ботулизм 2,3 есеге, пастериоз 2,1 есеге, сібір жарасы 2 есеге азайды.