Қазақстанда Жоғарғы Сот жанындағы халықаралық кеңесті қаржыландыру тәртібі өзгеруі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Сот әкімшілігі Жоғарғы Сот жанындағы халықаралық кеңестің жұмысына бөлінетін бюджет қаражатын пайдалану тәртібін өзгерту туралы бұйрық жобасын әзірледі.
Құжат жобасында кеңестің қызметін қамтамасыз етуге арналған шығындар нормаларын жаңарту және қолданыстағы қағидаларды «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасының талаптарына сәйкестендіру көзделген.
Өзгерістер Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 6001-17-7-6/148 бұйрығымен бекітілген қағидаларға енгізілмек.
Құжатты әзірлеуге қолданыстағы қағидаларды Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-2/66 бұйрығымен бекітілген «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасының қаражатын бөлу тәртібіне сәйкестендіру қажеттілігі негіз болған.
Жобаны қоғамдық талқылау 2026 жылғы 4 қарашаға дейін жалғасады.
Бұған дейін Жоғарғы Сотта әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесін біріздендіруге бағытталған нормативтік қаулы жобасы талқыланғанын хабарлаған едік.