Қазақстанда жоғары білікті геологтар корпусы құрылады
АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі таяу аралықта заманауи геологиялық зерттеулер орталығын құруды жоспарлауда.
Бүгін журналистерге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім еткеніндей, аталған орталықта әлемдегі ең үздік зертханалар шоғырландырылатын болады.
«Жұмысымыздағы екінші маңызды бағыт - кадрларды дайындау. Қазіргі уақытта біз бірнеше мектептермен жұмыс істеудеміз. Бұл жұмыстарға осы жоба барысында жаңа технологиялармен қалай жұмыс істеу керектігін көруі үшін студенттер мен оқытушыларды тартатын боламыз. Біздерге таяу аралықта ең үздік қазіргі заманғы технологиялармен жұмыс істей алатын заманауи геологтар корпусын дайындауға кірісу керек», - деді ол.