Қазақстанда жоғары оқу орындары арасында бірыңғай электрондық кітапхана құрылады

АЛМАТЫ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде (ҚазҰТУ) «Жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы кітапханалардың электрондық ресурстары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті,

Қазақстанда жоғары оқу орындары арасында бірыңғай электрондық  кітапхана құрылады

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         ҚазҰТУ-дің 75 жылдық мерейтойына арналған семинар барысында қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік ғылыми ресурстарға қол жеткізуі, республикалық ЖОО аралық электрондық  кітапхана жасау, ҚазҰТУ-дың ғылыми кітапханаларының ақпараттық ресурстарының ерекшеліктері мәселелері талқыланды.

            ҚР Оқу орындары қауымдастығының атқарушы директоры Сейітжапар Арпабековтың айтуынша, қазіргі кезде елімізде қазақ тіліндегі кітаптар мен оқу құралдары тапшы. «Біз осыған байланысты кітапханалардың электрондық жүйесін құру қажет деген шешімге келдік. Бұл бағытта республикалық ЖОО аралық электронды кітапхана құру туралы меморандум жасастық. Бұған еліміздегі 50-ге жуық ЖОО-лардың өкілдері қол қойды», дейді С.Арпабеков.

         Оның айтуынша, барлық жоғары оқу орындарына қазіргі кезде электрондық  кітапхана жасауға арналған нұсқау берілген. «Электрондық кітапхана жоғары оқу орындарында жасалады және әрбір ЖОО оған не енгізу керектігін өздері анықтайды. Меніңше ол жердегі мәліметтер базасына басқа кітапханаларда жоқ, профессор-оқытушы құрамның еңбектері енгізілуі керек», дейді С.Арпабеков.