Қазақстанда жоғары оқу орындарының ортақ электрондық кітапханасы құрылуда - Ж.Түймебаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұндай кітапханалар әлемдегі жетекші елдердің қолданысында бар тәжірибе. «Жыл өткен сайын электрондық кітапханалар қолданысқа енгізілуде. Ұстаздардың, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың электрондық ресурстарға қолжетімділігін жасау мақсатында ЖОО-ның ортақ электронды кітапханасы құрылды», дейді Ж. Түймебаев.
Министрдің айтуынша, ЖОО-ның ортақ электронды кітапханасы - отандық университеттердің электрондық кітапханаларының виртуалды корпоративті желісі. Қазақстанда аталмыш ортақ желіге 30 университеттер кітапханаларының электрондық қорлары енгізілді.
«Бұл желі мұғалімдер мен студенттерге тек өзінің университетіндегі ақпараттарды пайдалануына ғана емес, басқа да ЖОО-ның мәліметтер қорын алуға да мүмкіндік береді», деді Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаев.