Қазақстанда Жоғары сот кеңесінің құрамы қалыптастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Жоғары сот кеңесінің құрамы қалыптастырылды.Мемлекет басшысы қол қойған № 188 Жарлықтың мәтіні Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған.

 Қазақстанда Жоғары сот кеңесінің құрамы қалыптастырылды

Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесінің төрағасы Смолин Анатолий Сергеевич, ол былтыр желтоқсанда осы лауазымға тағайындалған.


Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесінің құрамы:

Смолин Анатолий Сергеевич - Төраға

мүшелері:

Аланов Жақсылық Рзабекұлы - Маңғыстау облыстық сотының төрағасы

Балағұмарова Ардақ Дүйсенбекқызы - Астана қалалық сотының судьясы

Қаржаубаев Ербол Қазиұлы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор
Кудекова Ләззат Серікқызы - Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы
Құрықбаев Әділ Жамбасбайұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы
Мамонтов Николай Иванович - отставкадағы судья
Пазылов Нәби Әлиакбарұлы - отставкадағы судья
Раисова Балгүл Амангелдіқызы - Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының кеңесші

Хожабергенов Мұрат Амангелдіұлы - Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы

Кеңес құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы кіреді.