Қазақстанда жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұл көлемі төмендетілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгертулер мен толықтырулар туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұл көлемі төмендетілмек

Отырыста аталған заң жобасы бойынша сөз сөйлеген Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексі 2010-2020 жылдар кезеңіндегі Қазақстанның құқықтық саясаты тұжырымдамасының ережелеріне оның нормаларын сәйкестендіру үшін әзірленген. Онда әкімшілік құқық бұзкшылық туралы заңнама бұзылған құқықты барынша қалпына келтіруге, қоғамдағы құқықтық жанжалдарды әкімшілік-құқықтық шаралармен ескертуге бағытталған болуы тиістігі айтылған.

«Бұл ретте әкімшілік-құқықтық санкцияны қалыптастыру барысында қоғамдық қауіп пен құқық бұзушылықтық сипаты олардың дәрежесіне деңгейлес болуы ұстанымы мүлтіксіз орындалуы қажет», - дейді Баймолдина.

Комиссия отырысында қазіргі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1700-ден астам құрам бар екендігін аталынды. Оның шамамен 300 құрамы бойынша әкімшілік айыппұлдарды қысқарту жоспарланып отыр.