Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек кезең-кезеңімен жанданады - Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен жандандыру жобасын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы медициналық, сонымен бірге жоғары технологиялы көмек көрсетуді кезең-кезеңімен іске қосу жобасын әзірледі. Жоспар бойынша, бұл қызмет халыққа аз бейінді профильде қызмет көрсету мен COVID-19 індетіне қарсы медициналық ұйымдардың дәрежесіне қарай екі кезеңмен қалпына келеді», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министр стационарлардағы төсек-орын толымдылығы - 50 пайыз екенін, дезинфекциялық өңдеуден кейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуымен профильді және жоспарлы төсек-орын саны 50 пайызға артатынын жеткізді.

«Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын сапалы жүзеге асыру бойынша шаралар кешенін әзірлеуде», - деді Цой.


Соңғы жаңалықтар