Қазақстанда ЖРВИ ауруымен сырқаттанған науқастар саны 1,2 есеге азайды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Апта сайынғы қадағалау мониторингіне сәйкес ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың асқыну шегі ағымдағы жылдың 7 ақпаны күні болды және 15600 адам, оның ішінде тұмаумен ауырған 26 адам тіркелді. Қазіргі кезде сырқаттанушылықтың деңгейі барлық жерде 1,2 есеге төмендегені байқалады және 13880 адам ЖРВИ-мен және 19 тұмаумен сырқатттану жағдайлары кездесті.
Ауырған адамдардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, соған байланысты аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларына білім беру басқармаларымен бірлесіп мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар кешенін күшейту тапсырылды.
Медициналық ұйымдарда профилактикалық іс-шаралар кешені күшейтілді. Маска режімі енгізілді, стационарлардағы науқастарға келуге шек қойылды.
Халықаралық әуежайлардың санитарлық-карантиндік пункттерінде қолайсыз елдерден келетін адамдардың дене қызуын өлшеуге арналған тепловизорлар мен пирометрлердің қажетті саны орнатылды.
ДДҰ-ның болжамы бойынша ЖРВИ-ның және тұмаудың эпидемиологиялық үдерісінің қарқындылығының барлық жерде төмендеуі 2011 жылғы наурыз айының басында күтіледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басқа елдердегі, оның ішінде Қазақстанмен шекаралас елдердегі ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша жағдайды тұрақты бақылап отырады.
Ресей Федерациясының көптеген субъектілерінде ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылық тұрақтанды немесе төмендей бастады.