Қазақстанда ЖРВИ-ді анықтаудың тиімді жүйесі енгізілді

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Қазақстанда тұмаудың, тұмауға ұқсас аурулардың (ЖРВИ) қоздырғыштарының айналысын анықтау және вирустың жаңа эпидемиологиялық қауіпті штаммдарын анықтау үшін оларды эпидемиологиялық қадағалаудың жеткілікті тиімді жүйесі енгізілгенін хабарлайды.

Қазақстанда ЖРВИ-ді анықтаудың тиімді жүйесі енгізілді

Аса қауіпті инфекциялардың, оның ішінде құс тұмауының да Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі мен одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 36 санитарилық-карантиндік пункт (бұдан әрі - СКП) тәулік бойы жұмыс істейді.

«Халықаралық әуежайларда дене қызуы жоғары адамдарды байланыссыз анықтау мақсатында 40 тепловизор орнатылған және 66 пирометр бар. Тұмауға және басқа да аса қауіпті инфекцияларға күдікті науқастар анықталған жағдайға арналған іс-шаралар жоспары мен хабарландыру схемасы бекітілген. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының құрамында жұмыс істейтін ұлттық референс-зертхана мен 16 вирусологиялық зертхана тұмау вирустарын зертханалық диагностикалауды жүзеге асырады», - делінген Денсаулық министрлігі таратқан ақпаратта.

Ведомствоның атап өтуінше, аса қауіпті қоздырғыштарды тудыратын аурулар бойынша қолайсыз елдерден келген жолаушыларға тұрақты мониторинг жүргізіледі. Мысалы, 2013 жылдың 19 сәуірінен бастап 2014 жылғы 10 қаңтар аралығында ҚХР-нан 102 207 жолаушы келді, келген жолаушылардың арасында инфекциялық ауруларға күдікті адамдар анықталған жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес A(H5N1) құс тұмауы бойынша Бангладеш, Қытай, Египет, Үндістан, Камбоджи, Индонезия және Вьетнам, короновирус бойынша Таяу Шығыс елдері эндемиялық болып табылады.