22:56, 19 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Қазақстанда жүк айналымы 7,9% өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында жүк айналымының көлемі 542,366 млрд тонна-километрді құрады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,9% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Есепті кезеңде теміржол көлігіндегі жүк айналымы көлемі 8,7% артқан. Жүк тасымалдау көлемі 3,703 млрд тоннаға жетті (бұл 2017 жылдың осы кезеңінен 5,2% артық).
Биыл қаңтардан қарашаға дейін жолаушы айналымы көлемі 257,181 млрд жолаушы-километрді құраған (+3,3%). Автомобиль көлігін пайдаланған жолаушылар ағыны 2,7%, теміржол көлігінде 2,8% артқан. Жалпы, 20,956 млрд жолаушы тасымалданған (+1,6%).