Қазақстанда жүк тасымалдау талаптарын бұзған шетелдіктер анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қазақстан Республикасының көлік заңнамасы бұзған үшін 5 мыңнан астам шетелдік тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Айта кетейік, ҚР ИИДМ Көлік комитеті шетелдік тасымалдаушылардың арнайы рұқсат қағаздарынсыз жүк тасымалдауларына жол бермеу мақсатында 2018 жылғы 19 қарашадан 2019 жылдың 31 қаңтар аралығында өткен «Көліктік бақылау - отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғауда» акциясын қорытындылады.

«Рұқсат қағаздары шетелдік тасымалдаушыларға Халықаралық келісімдерге сәйкес тапсырылады. Әр мемлекет серіктес мемлекетке өз аумағында жүк тасымалдауға белгіленген мөлшерде квота береді. Осы орайда жүк тасымалдайтын компаниялардың квотасы болмаса немесе мерзімі өтсе, шет мемлекеттің территориясында жүк тасымалдай алмайды. Акция аясында көліктік бақылау органдарымен 14 823 шетелдік автокөлік тексеріліп, 733 тасымалдаушы Қазақстан Республикасының көлік заңнамасы мен халықаралық келісім нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 196-сы рұқсат жүйесі бойынша. Атап айтқанда, 7 -ресейлік, 3- түркиялық , 3-өзбекстандық , 2 - қырғызстандық және басқа да тағы 5 тасымалдаушы қажетті құжаттарсыз Қазақстан аумағында жүк тасымалдаумен айналысқан», - делінген ведомство мәліметінде.

Жалпы, 2018 жылы халықаралық келісім нормаларын және Қазақстан Республикасының көлік заңнамасы бұзған үшін 5 227 шетелдік тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Барлық құқық бұзушылық арасында 1 323 тасымалдаушы Халықаралық келісім нормаларын бұзғандары үшін жауапқа тартылған.

Соңғы жаңалықтар