Қазақстанда жұмыс берушілер жалақыдағы сәйкессіздіктер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда жұмыс берушілер жалақыдағы сәйкессіздіктер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Қазақстанда жұмыс берушілер жалақыдағы сәйкессіздіктер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы еңбек инспекциясы Бас прокуратурамен бірлесіп, 70 ұйымда тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті және шетелдік мамандар арасындағы еңбекақы төлеуде сәйкессіздіктер анықталды.

«Қазіргі уақытта жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту үшін Әкімшілік және Қылмыстық кодекстердің жобаларында жалақыдағы сәйкессіздікке қатысты құқық бұзушылықтың жаңа нормасы енгізілуде. Жобалар Мәжіліс қарауында. Яғни, аталған нормаға сәйкес, бірдей жұмысы үшін бірдей жалақы алудағы жұмысшы құқығының бұзылғаны үшін әкімшілік, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылады», - деді Т.Дүйсенова.