Қазақстанда жұмысқа орналасуда әйелдер де ерлермен тең құқылы - Т. Дүйсенова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жұмысқа тұруда әйелдер құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық жағдайлар жасалған. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Қазақстанда жұмысқа орналасуда әйелдер де ерлермен тең құқылы - Т. Дүйсенова

«Елімізде жұмысқа тұруда әйелдер құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, жұмысқа орналасуда әйелдер де ерлермен тең құқылы, сондай-ақ экономиканың барлық салаларына белсенді қатысуда», - деді министр.

Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың алдын ала қорытындыларына арналған халықаралық конференцияда.

Т. Дүйсенова ерлер мен әйелдер арасындағы жалақы бойынша айырмашылық олар жұмыс істеп жатқан салалардың ерекшелігіне байланысты екенін жеткізді. Мысалы, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы қызметкерлердің 70 пайызы әйелдер болса, ал тау-кен саласында 70 пайызы ерлер. Сәйкесінше, жұмыстың ерекшелігі мен жағдайы еңбекті төлеуді саралайды.

Сонымен қатар, ведомство басшысы жаңа ҚР Еңбек кодексі салада гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге негізделген нормалардың кешенін қамтып отырғандығын сөз етті. Бұл тұрғыда әйелдің, жүкті әйелдердің және балалы нәзік жандылардың еңбегін реттеудің ерекшеліктері бекітілген.