Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны сәуір айында 8,2 млн. адамды құрады

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылғы сәуірде Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны бағалау бойынша 8,2 млн. адамды құрады.

Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны сәуір айында 8,2 млн. адамды құрады

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарлады.

Ведомствоның атап өтуінше, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда жұмыспен қамтылғандар саны 102,6 мың адамға немесе 1,3 пайызға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,5 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 67,2%) құрады.

Ағымдағы жылғы сәуірде жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 473,0 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2011 жылғы сәуір айының соңына 62,4 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7 пайызына тең (2010 жылғы сәуірде - 1,0%).

Айта кетейік, жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) - қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі - толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы пайызбен өлшенетін үлесі.